Рингте ауыр жарақат алған 33 жастағы танымал боксшы қайтыс болды

14.08.2026 11:38 Мөлдір ҚАЙНАР
Рингте ауыр жарақат алған 33 жастағы танымал боксшы қайтыс болды
216
Фото: әлеуметтік желі

Бұрынғы пуэрто-риколық кәсіпқой боксшы Причард Колон 33 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Спортшының әкесі ұлының арманын орындап, оны Пуэрто-Рикоға демалысқа апара алмағанын өкінішпен жеткізді. Ол жылдар бойы қолдау білдірген барша жандарға алғыс айтып, отбасы үшін дұға етуді сұрады.

Причард Колон 2015 жылғы 17 қазанда америкалық Террелл Уильямсқа қарсы жекпе-жекте аяусыз соққылар алып, спорттағы мансабын аяқтаған еді. Кездесу барысында қарсыласы оның желкесінен бірнеше рет тыйым салынған соққылар жасаған. Осыдан кейін боксшының миына қан құйылып, оған шұғыл ота жасалды.

Колон 221 күн бойы комада жатып, өмірінің соңына дейін алған ауыр жарақатының салдарымен күресіп өтті.

Уильямспен жекпе-жекке дейін пуэрто-риколық боксшы шаршы алаңда бірде-бір рет жеңілмеген болатын. Ол өткізген 16 кездесуінің барлығында жеңіске жетіп, 13 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.

Войдите, чтобы оставить комментарий