Рингтен саясатқа кетті ме: депутат болғысы келген танымал спортшы жаңа қызметке тағайындалды

09.09.2026 10:35 Әсел МҰРАТ
Рингтен саясатқа кетті ме: депутат болғысы келген танымал спортшы жаңа қызметке тағайындалды
238
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық танымал спортшы Арман Оспанов Шымкент қаласының Күрес федерациясының вице-президенті болды, деп хабарлайды Politico.kz.

«Сұңқар» лақап атымен көпшілікке белгілі Арман Әріпханұлы Оспанов 1989 жылдың 7 желтоқсанында дүниеге келген. Оның туған жері – қазіргі Түркістан облысындағы Төлеби ауданы.

Оспановтың спорттағы жетістіктері аз емес. Жауынгерлік самбодан әлем чемпионатында үш рет жеңіске жетіп, Әлем кубогын да үш мәрте иеленген. Бразилиялық джиу-джитсудан өткен Азия чемпионатында екі рет алтын медаль жеңіп алған. Спорттағы жоғары нәтижелері үшін оған Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағы берілген.

ММА бағытында Арман Оспанов кәсіби деңгейде Alash Pride командасының сапында өнер көрсетті. Ол жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жектерімен танылып, қарсыластарын нокаутпен және мерзімінен бұрын жеңуімен ерекшеленді. Кәсіби мансабында Расул Мирзаев сияқты тәжірибелі файтерлермен де күш сынасқан.

Спортшының қоғамдық-саяси бағытқа қызығушылығы да бұған дейін белгілі болған. Ол бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде өңірлік деңгейде мәслихат депутаты болу жоспары бар екенін айтқан еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий