Роза Әлқожа сүйінші жаңалығын бөлісті

Роза Әлқожа сүйінші жаңалығын бөлісті
13.01.2025 14:50
0
1693
instagram.com/ roza_alqozha

Отандық эстрада жұлдызы Роза Әлқожаның тұңғыш немересі дүниеге келді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Әнші желідегі оқырманға әже атанғанын қуана хабарлады. Ол немересінің жарық дүниеге келуіне көмектескен жандарға алғыс білдірді. 

"Қайырлы күн! Әже боп ояндым, шүкір! 3-перзентхананың барлық қызметкеріне рақмет! Ақ халатты аяулы жандарға алғыс!", - деп жазды ол. 

Мұны көрген көпшілік эстрада жұлдызын құттықтап, ақ тілегін жеткізді. 

"Бауы берік болсын", "Немереңіздің жасы ұзақ болсын", "Әже болғаныңыз құтты болсын", "Әже деген жақсы ғой, немере тәтті", "Дені сау болсын", "Артынан ілесе берсін", "Бізге де жұғысты болсын", - деп жазды жұрт. 

Еске сала кетейік, Роза Әлқожа бір жылдан аса уақыт тұңғыш ұлы Бейбарыс Қабаның отау құрғанын хабарлаған еді. Жақында өнер иесі келінінің туған күніне құлынды бие сыйға тартқан. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или