Руслан Берденовты атқан күдікті туралы тың дерек шықты

Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасы қала әкімінің 40 жастағы орынбасары Руслан Берденовтің қазіргі денсаулығы туралы ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Кеше, 21 сәуір күні кешке жақын күдікті Руслан Берденовтың 3 жерінен оқ атқан.
«Операциядан кейінгі диагноз: оның оң жақ кеудесіне оқ тиген, оң жақ өкпесінің төменгі жағы көп жерден жараланған, қабырға арасындағы артериялары мен диафрагмасында жарақат бар. Сондай-ақ ішіне, бауырына зақым келіп, ішінен қан кеткен. Оң жақ бүйрегі, иығы біраз жерден жараланған», - деп хабарлады дәрігерлер.
Оған оқ атқан күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Шабуыл жасаған адамның аты-жөні — Ернар Жиенбай. Күдіктінің бұрынғы сыныптастары мен таныстарының айтуынша, ол Шымкент қаласындағы №50 мектепте оқыды, бірақ бұл мектепке тек 11-сыныпта келген. Отбасының құқық қорғау органдарында таныстары бар деген дерек бар. Әкесі прокуратурада жұмыс істеген деген мәлімет те шықты.
2024 жылы Жиенбай «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры болып тағайындалған. Бұл ұйым мемлекеттік бағдарламалар аясында көпқабатты үйлерді жөндеу жұмыстарымен айналысады.
Соңғы жаңалықтар





