Руслан Өтепбай Назгүл мен Құндыздың арықтап кеткенін айтып, жағдайларын тексерді

Белгілі тележүргізуші Руслан Өтепбай бүкіл қазақты жылатқан Назгүл мен Құндыздың қазіргі жағдайын бақылап, арнайы бағдарлама арнады.
Бағдарламаның басында ол базарға барып, қыздарға киім-кешек алып, күтпеген жерден қуантты.
Құндыз сұхбат барысында арманы – үйлі болып, тұрмысқа шығу екенін айтты.
"Жігіт болса, тұрмысқа шыққым келеді. Денсаулығым жақсы, тек кейде талмам ұстап қалады", – деді ол.
Қыздар өз жағдайларының жақсы екенін айтып, бет әрлеуге арналған заттар қажет екенін әзілмен жеткізді.
Бағдарламаның ортасында Руслан Өтепбай қыздардың сәл жүдеп кеткенін байқады. Бұл пікір күтуші апайдың ашуын туғызды.
"Қыздар азып кеткен сияқты. Сізді кінәлап жатқан жоқпын, Зүлфия ханым, өзіңізге алмаңыз. Жай ғана жүдеп кеткенін айтып тұрмын", – деді ол.
Бұл сөздерге Зүлфия ханым да өз ренішін білдіріп, былай деп жауап берді:
"Тырнақ астынан кір іздеп тұрған сияқтысыз. Тамақтары тоқ, қаншама қиындықтан алып шықтым, солай емес пе? 8 ай сіздерде жатты, өз үйіңізде тұрды. Емдеттіңіз. Бірақ үй қайда деп сұрайды – ешкім үй берген жоқ. Мен қанша баланы өсірдім. Ақталмаймын", – деді ол.
Соңғы жаңалықтар





