Сәтбаев қаласында ер адамды атып кетті деген күдікпен тағы бірнеше адам ұсталды
468
Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында ер адамды атып кету қылмысына қатысы бар деген күдікпен тағы бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыс 18 қазанда болған еді. Сәтбаев қаласының тұрғынын өлтіруге оқталумен ұштасқан бұзақылық фактісінен кейін ҚР ІІМ-де тергеу-жедел тобы құрылып, көмек көрсету үшін Ұлытау өңіріне жіберілген.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған қылмысты жасады деген күдікпен 5 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жанжалдың себептері анықталды, қылмыс құралы тәркіленді», - делінген полиция хабарламасында.Мәлім етілгендей, қазір Сәтбаев қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
«Оның шеңберінде қоғамдық орындарда және көшелерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыс жандандырылды, ойын-сауық мекемелерінің маңында және азаматтардың көп жиналатын басқа да орындарында патрульдеу ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, атыс қаруына ие тұрғындар тексерілді. Оны сақтау шарттарын бұзудың 23 фактісі анықталды. Нәтижесінде 23 атыс қаруы тәркіленіп, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ұсынылған ақпаратта.Сонымен қатар қалада автожолдарды патрульдеу күшейтілді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...