«Санкт-Петербург» деп жартасты бояған ресейлік туристер жазаланды
954
Сібе көлдеріндегі жартасты бүлдірген ресейлік туристер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Шығыс Қазақстан облысындағы Сібе көлдеріне келген ресейлік туристер табиғи нысанның жартастарына бояумен «Санкт-Петербург» деп жазып, вандализм жасаған. Оқиға 22 тамызда Үшінші Шалқар көлінің маңында болған.
Туристердің жартасты бояп жатқан сәтін куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Осыдан кейін полиция олардың жеке басын анықтады.
Құқық қорғау органдары аталған факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес шара қолданды.
Енді туристер бүлінген табиғи нысанды өздері тазалап, жартастағы жазуды өшіруге міндеттелді.
Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, табиғи аумақтарға келген туристердің қоршаған ортаға ұқыпты қарауы керектігі тағы бір мәрте айтылды.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
20:26
"Ренжіп кеткенім жоқ". Қыран Талапбек неге Әзер...
07.10.2026
20:19
Джеки Чанмен кездескен вице-президентке жұрт не...
07.10.2026
20:00
Айдос Сарым желіде неге белсенді емес екенін айтты
07.10.2026
19:42
Тағы бір қызметкердің өлімі рас па? ДДСҰ Ресейд...
07.10.2026
19:35
Айдос Сарым: Қазір заң шығарушы биліктегілердің...
07.10.2026
19:13
“100 тоннадан астам газ жағылған”: Атырауда тұр...