Сәрсемалиев сотта Наурыз бен Мейрамгүлді қалай өлтіргенін айтып берді
Атырауда бір отбасының өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сот отырысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиев 32 жастағы қайнысы Наурыз Мұқанғалиев пен 35 жастағы Мейрамгүлді қалай өлтіргенін баяндады, деп хабарлайды Politico.kz.
«NewTimes.kz» мәліметінше, Наурыз Мұқанғалиев бірден көз жұмбаған.
«Наурыз бірден қайтыс болған жоқ. Өмірімде бірінші рет осындай жағдай болды. Мен бұрын мал да сойып көрмегенмін», – деді айыпталушы.
Сәрсемалиевтің сөзінше, оқиғадан кейін ол шамамен 15 минут бойы аулада отырып, үйдің есігі ашыла ма деп күткен. Кейін қайта үйге кіргенде Наурыздың еденде жатқанын көрген.
«Мен оны әлі тірі шығар деп ойладым. Егер аман қалса, бүкіл отбасыма күйеу баласының өзін өлтірмек болғанын айтып береді деп қорықтым», – деді ол.
Айыпталушының айтуынша, болған оқиғадан кейін полиция шақыруды ойлаған. Алайда кешке дейін не істерін білмей, екіұдай күйде жүрген.
«Шынымды айтсам, полиция шақырғым келді. Бірақ менің бес балам бар еді. Ең кішісі ол кезде төрт айлық болатын. Әйелім оларды жалғыз қарай алмайды. Сол себепті не істерімді білмей ұзақ ойландым», – деді Сәрсемалиев.
Сотта ол Мейрамгүлдің өлімі туралы да айтты. Оның сөзінше, қылмыс жасалған кезде үйде балалар мен жұбайы Ақбаян болған.
Айыпталушының айтуынша, ол қыздың ата-анасы өлтірілгеннен кейін Мейрамгүлді Жаңгелдин ауылынан алып келіп, Ақбаянға көмектесіп, оның жанында болсын деп үйіне орналастырған. Алайда кейін олардың арасында жанжал шыққан.
«Ол менің намысыма тиетін сөздер айтты. Анасының сөздерін қайталады. Психологиялық жағдайына байланысты анасының айтқандарын бойына сіңіріп алған еді», – деді ол.
Сәрсемалиевтің айтуынша, осы жанжалдан кейін өзін ұстай алмай қалған.
«Алдымен қолтық тұсынан ұрдым, кейін бетінен соқтым. Аузын жапқым келді, сондықтан пышақпен бетіне ұра бердім. Ол тіпті айқайлаған жоқ. Ол кезде еш өкініш болған жоқ. Үш адамды өлтіргеннен кейін бәрібір болып кетеді екен», – деді айыпталушы.
Іс материалдарына сәйкес, Мейрамгүл Маұсот Қарабалин мен Нәсіп Мұқанғалиеваны өлтіруге қолданылған сол пышақпен өлтірілген.
Сәрсемалиевтің айтуынша, қылмыстан кейін Мейрамгүлдің мәйітін Наурыз Мұқанғалиевтің денесі жасырылған жерге апарып, сол шұңқырға етпетінен көміп тастаған.
Еске салайық, бұған дейін сотта айыпталушының жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның алғашқы жауабының бейнежазбасы көрсетілген болатын. Онда әйел болған оқиғаны түсінбейтінін айтқан.
Соңғы жаңалықтар