Сәрсемәлиевтің сергелдеңі: Ақбаян Мұқанғалиева балаларын қайтара ала ма?
Жұбайының туыстарын өлтірді деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемәлиевтің пәтерде жалғыз қалған бес кәмелетке толмаған баласының қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz
Tengrinews.kx сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта 10, 8, 5 және 3 жастағы төрт бала Атырау облыстық Балаларды бейімдеу орталығында, ал 1 жас 6 айлық ең кенжесі сәбилер үйінде орналасқан. Орталық директоры Құндыз Ғиниятованың айтуынша, ақпан айында түскен балалардың денсаулығы жақсы, толық медициналық тексеруден өткен және оларға психологтар тұрақты көмек көрсетіп жатыр. Бүлдіршіндерге әкесі жағынан атасы мен әжесі аптасына бір рет келіп тұрса, анасының туыстары да бірнеше рет ат басын бұрған.
Әзірге туыстары тарапынан балаларды қамқорлыққа алу туралы ресми өтініш түспеген. Егер сот үкімі заңды күшіне енгенше қамқоршы табылмаса, олар "Шаңырақ" отбасылық үлгідегі балалар ауылына ауыстырылады. Ал балалардың анасы Ақбаян Мұқанғалиева емделіп, әрекетке қабілетті деп танылса және ата-ана құқығынан айырылмаса, кез келген уақытта балаларын қайтарып алуға құқылы.
Соңғы жаңалықтар