«Саясаткер үшін масқара»: Аша Матайдың мәлімдемесі тағы бір ұйымның ашуына тиді

30.07.2026 19:16 Қарақат АСЫЛОВА
«Саясаткер үшін масқара»: Аша Матайдың мәлімдемесі тағы бір ұйымның ашуына тиді
274
Ашық дереккөз

Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткер ретінде тіркелген тележүргізуші Аша Матайдың пікірсайысқа қатыспау туралы шешімі әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін заңгер Мейірман Шекеев Аша Матайды ашық дебатқа шақырып, елдегі өзекті мәселелер мен заң шығару ісіне қатысты көзқарасын көпшілік алдында талқылауды ұсынған. Алайда үміткер бұл ұсынысты қабылдамаған.

Аша Матай мұндай шешіміне отбасынан алған тәрбиесі себеп болғанын айтты. Оның сөзінше, бала кезінен қазақ қызының ер азаматпен, әсіресе жасы үлкен адаммен сөз таластырмағаны дұрыс деген қағидамен тәрбиеленген. Соған қарамастан, ол ел игілігі жолында бірлесіп еңбек етуге дайын екенін жеткізді.

Оның бұл пікірі қоғамда қызу талқы тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары мен сарапшылардың бір бөлігі депутат болуға үміткер адамның кез келген пікірталасқа дайын болуы қажет екенін айтса, енді бірі оның жеке ұстанымы мен тәрбиесіне құрметпен қарау керектігін алға тартты.

Мәлімдемеге қатысты «НеМолчи.kz» қоғамдық қоры да пікір білдірді. Ұйым Аша Матайдың сөзіне қатысты мәлімдеме жасап, мұндай ұстаным әйелдердің құқықтары мен гендерлік теңдік жолындағы көпжылдық еңбекті жоққа шығаратынын жеткізді. Ұйым өкілдерінің пікірінше, заң шығарушы органда қызмет ететін адам өз ұстанымын ашық қорғап, пікірталасқа түсуге дайын болуы тиіс. Олар депутаттық мандат тек бедел немесе танымалдық емес, қоғам мүддесін қорғауды талап ететін үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

Войдите, чтобы оставить комментарий