Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Ұлттық құрылтайда ұсынылған реформаларға баға берді

21.01.2026 13:42 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Ұлттық құрылтайда ұсынылған реформаларға баға берді
0
49
Фото: Мәжіліс

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформаларға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Сарапшының айтуынша, Президент бастамаларының ішіндегі ең маңызды жаңашылдықтардың бірі – Қазақстанда вице-президент лауазымын енгізу мәселесі. Ғазиз Әбішев Мемлекет басшысының жұмыс жүктемесі өте жоғары екенін атап өтті.

Оның сөзінше, Президенттің шетелдік сапарлары мен ресми кездесулері – атқарылып жатқан жұмыстың тек сыртқы көрінісі ғана. Ал оның артында ауқымды аналитикалық жұмыстар, құжаттарды әзірлеу және стратегиялық шешімдер қабылдау үдерісі жүреді.

«Президенттің бір жарым-екі апта ішінде бірнеше құрлықта болып, күн сайын маңызды іс-шараларға қатысатын кездері бар. Бұл – жұмыстың тек көзге көрінетін бөлігі. Бұған қоса үлкен аналитика, күрделі шешімдер қабылдау процестері бар. Осындай жағдайда Конституциямен бекітілген вице-президент институтын енгізу – орынды әрі қажетті қадам», – деді саясаттанушы.

Ғазиз Әбішевтің пікірінше, вице-президенттің болуы саяси жүйені теңгеріп, Президентке түсетін жүктемені тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Бұл президенттік биліктің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыра алады.

Сонымен қатар сарапшы Мемлекет басшысының тағы бір бастамасы – Халық кеңесін құру мәселесіне де тоқталды. Аталған органға заң шығару бастамасы құқығы беріліп, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың бірқатар базалық функциялары жүктелмек.

«Азаматтық қоғамды кеңінен қамтитын кеңесші органдар – әлемдік тәжірибеде бар модель. Франция, Канада, Дания секілді елдерде мұндай құрылымдар табысты жұмыс істеп келеді. Олар саяси бәсекеден тыс, еркін қоғамдық диалог алаңын қалыптастырады», – деді Ғазиз Әбішев.

Сарапшы бұл бастамалар Қазақстандағы саяси жаңғыру үдерісін жаңа деңгейге көтеруге бағытталғанын атап өтті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий