Сайлаудағы заңбұзушылықты әшкерелегендерге 1 миллион доллар: Трамп уәде берді

Сайлаудағы заңбұзушылықты әшкерелегендерге 1 миллион доллар: Трамп уәде берді
Фото: SCANPIX/AP Photo/Julia Demaree Nikhinson

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі өткен және алдағы сайлаулардағы бұрмалаушылықтар туралы хабарлаған кез келген адамға 1 миллион доллардан сыйақы төлеуге уәде берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақ үй басшысы бұл төлемнің нақты шарты барын ескертті.

«Өткен сайлаудағы немесе 2026 жылғы алдағы аралық сайлаудағы бұрмалаушылықтар туралы хабарлаған кез келген адамға, осы заңсыздықты ұйымдастырғандар ұсталып, оларға сот үкімі шыққан бойда 1 000 000 доллар төленеді», — деп жазды Трамп.

Трамп пен Республикалық партия өкілдері 2020 жылғы президенттік сайлаудан бері пошта арқылы дауыс беру мен дауыс санау құрылғыларында заңбұзушылықтар болғанын алға тартып келеді. Олар бірнеше штатта нәтижелерді қайта санауды талап етіп сотқа шағымданғанымен, сот талап-арыздарды кері қайтарып, ол додада Джо Байденнің жеңісі бекітілген еді. Кейін 2024 жылғы президенттік сайлауда Дональд Трамп Камала Харристен басым түсіп, жеңіске жеткен болатын.

Қазіргі таңда республикашылдар билікте отырған бірқатар штаттарда дауыс беру барысын бақылау талаптары күшейтіліп жатыр. Ал Демократиялық партия мұндай бастамаларды «сайлау процесін қолдан қиындату» деп бағалап, үнемі сынға алып келеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу