«Сендердің кездегі тәрбие қазір өтпейді»: Тәуекел Мүсілім анасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынас туралы айтты

07.10.2026 • 12:27 Мөлдір ҚАЙНАР
«Сендердің кездегі тәрбие қазір өтпейді»: Тәуекел Мүсілім анасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынас туралы айтты
182
Фото: видеодан скриншот

Танымал актер Тәуекел Мүсілім сұхбат беріп, отбасылық өмірі мен бала тәрбиесіне қатысты көзқарасын ашық бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz сайтына сілтеп.

Өнер иесінің пікірінше, ерлі-зайыптылардың арасына және жеке отбасына ешкім қол сұқпауы керек. Ол тіпті анасының бала тәрбиесіне қатысты сынына қалай жауап беретінін де жасырмады:

«Мен анама үнемі жұмсақ жеткізуге тырысамын. Анам балаларымның тәрбиесіне араласып: “Өте ерке, көп ойыншық алып бересің, тым еркелетіп жібергенсің” деп айтып қалады. Ондайда: “Мама, сендердің кезіңдегі тәрбие қазір жүрмейді” деймін. Қазірдің өзінде әйеліме де: “Ертең ұлдарымыз ержетіп үйленеді, әрқайсысының өз отбасы болады. Сол кезде араласпайықшы” деп ескертіп отырамын», – деді актер.

Войдите, чтобы оставить комментарий