«Шағымын қайтып алды»: Боксшы Теміртас Жүсіповтің жұбайы күйеуін жауапқа тартпауды сұрады

08.07.2026 09:53 Мөлдір ҚАЙНАР
«Шағымын қайтып алды»: Боксшы Теміртас Жүсіповтің жұбайы күйеуін жауапқа тартпауды сұрады
162
Фото: Stan.kz

Бокстан әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіповтің жұбайы күйеуі соққыға жыққанын айтып арызданғаннан кейін, оған қатысно ешқандай шара қолданбауды сұрап, шағымын кері алды, деп хабарлайды Politico.kz.

​Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, бастапқы арыз негізінде денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда 7 шілде күні спортшының әйелі күйеуін қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрап, қарсы өтініш түсірген.

​Соған қарамастан, тәртіп сақшылары бұл жағдайға байланысты тергеу амалдарының тоқтамайтынын және істің соңына дейін жеткізілетінін атап өтті.

​«Қарсы өтініштің берілуіне қарамастан, отбасылық-тұрмыстық жанжал фактісі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – деп хабарлады ведомстводан.

​Қазіргі уақытта Теміртас Жүсіповке қатысты арнайы қорғау нұсқамасы шығарылды. Ресми құжатқа сәйкес, спортшыға жұбайының келісімінсіз онымен қандай да бір байланыс орнатуға мүлдем тыйым салынған.

Войдите, чтобы оставить комментарий