"Шаш ал десе, бас алады". Алтынай Жорабаева күзетшімен сөзге келіп қалды

04.02.2025 12:01
0
313
ашық дереккөз

Алтынай Жорабаева еліміздегі ірі сауда орталықтарының бірінде күзетшімен сөзге келіп қалған.

Бұл туралы ол Instagram stories-те айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

«Кеш жарық! Хан Шатырдан атып шықтық. Біреу қуғандай, көңіліміз су сепкендей басылып шықтық. Әлеуметтік сауалнама жасаймыз деп ойлағанбыз. Бірақ, біз кіріп келгеннен Аллаға шүкір, әпкелер, апалар, сіңлілер мені танып, жүгіріп келіп, суретке түсіп жатты. Мен де сол сәтті пайдаланып сауалнамамды жүргізіп кеттім. Алтын сататын бутигімізді білесіздер ме, оған тіркелгенсіздер ме, тіркелген болсаңыз деп тәтті сыйлық тараттым. Сол сәтте күзетші мен бір кісі келіп, бізде ондай видео жасауға рұқсат жоқ, сіз әкімшіліктен рұқсат алдыңыз ба дейді. Ол қайдан шыққан заң? Сонда қарапайым халық менімен суретке түсу үшін, одан соң мен одан сауалнама алғаным үшін әкімшіліктен рұқсат сұрауымыз керек пе? Командамен топырлап клип түсіріп жүрсек бөлек әңгіме. Мұның бәріне кім қарайды? Қарапайым халықты түртпектегенді қашан қояды екен? Бірінші орында ол күзетші өзін таныстырып, қолындағы қағазымен не үшін рұқсат жоқ екенін түсіндіру керек», — дейді әнші.

Өнер иесінің айуынша, шет елдердің сауда орталықтарында видео түсіруден ешқандай мәселе болмаған.

«Қаншама шет елдерге барып, видео түсіріп жүрміз. Ешқандай күзетші келіп, бұл жерде видео түсіруге болмайды деп айтпапты. Біздікі шаш ал десе, бас алады. Тексеру керек нәрсені тексермей, тексермеу керек нәрсені тексереді. Заңды толығымен өздері де түсінбейді, қалай сөйлеу керегін де білмейді. Содан мен басқа жағын қатырып алыңдаршы дедім. Сол жерде нені, қайсысын деп менімен салғыласып тұр. Сөзім жоқ. Жалпы бізде көп жерде суретке түсуде рұқсат жоқ. Шет елде ол жағынан ешқандай мәселе жоқ. Бізде неден қорқа береді», — дейді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или