Шавкат Рахмонов UFC- де жеңілмеген спортшылар тізімінде көш бастады

31.10.2025 09:47 Нақыпбек Фатима
Шавкат Рахмонов UFC- де жеңілмеген спортшылар тізімінде көш бастады
0
118
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

UFC халықаралық спорт ұйымының баспасөз қызметі Instagram-парақшасында жеңілмеген спортшылардың тізімін жариялады. Тізімді Шавкат Рахмонов бастап тұр, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Шавкат Рахмоновпен бірге тізімнің жоғарғы қатарында ресейлік Мовсар Евлоев те орналасқан. Екі файтердің де промоушн аясында 19 жеңісі және бірде-бір жеңілісі жоқ.
Тізімге сонымен қатар орта салмақтағы чемпион Хамзат Чимаев (15 жеңіс), UFC P4P рейтингінің көшбасшысы Илия Топурия (17 жеңіс), британдық Леон Мерфи (17 жеңіс және 1 тең есеп), эквадорлық файтер Майкл Моралес (18 жеңіс) және жартылай ауыр салмақ өкілі Азамат Мурзаканов (16 жеңіс) кірді.

«Қай спортшы мансабын жеңіліссіз аяқтайды деп ойлайсыздар?» - деп сұрады жарияланым авторлары.

Рахмоновтың спорттық мансабына келсек, қыркүйек айының соңында оның келесі жекпе-жегі туралы жаңа мәліметтер пайда болды - қазақстандық MMA файтері Фаниль Рафиковтың айтуынша, Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін 2026 жылдың басында Белал Мұхаммедке қарсы өткізуі мүмкін.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий