Шавкат Рахмоновтің әйелі күтпеген мәлімдеме жасады

19.03.2026 14:53 Мөлдір Талғат
Шавкат Рахмоновтің әйелі күтпеген мәлімдеме жасады
379
Фото: ашық дереккөз

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты тосын жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол күйеуімен ажырасқанын айтты. Гүлайым Рахмонова жазбасында бұрынғы жұбайының балалардан бас тартқанын да меңзеген.

"Балалар ажырасқаннан кейін анасына ғана керек. Бүгін ол бәрібір аналарына ұқсап кетеді деп өз балаларынан бас тартты... Соншалықты қамқор әкенің бір күннің ішінде өзгеріп балаларын керек етпей қалады деп ешқашан ойламаған едім. Иә, мен 4 бала дүниеге әкелдім және бесіншісін күтіп отырмын. Қызығы мен өте көп туады екенмін. Не деймін? Әкесіне баласы керек болмаса балаға да әкесі енді керек емес! Маған Алла балаларымды аяққа тұрғызу үшін күш-қуат берсін", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл мәлімдемеге түрлі пікір білдіріп, қызу талқылап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонова жол-көлік оқиғасына байланысты да ақпарат құралдарында аталған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий