Шенеуніктер салмағын бақылауға міндетті ме

01.05.2026 11:03 Арман Ермеков
Шенеуніктер салмағын бақылауға міндетті ме
181
Politico.kz|ЖИ арқылы жасалған сурет

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер үшін күш құрылымдарындағы сияқты арнайы физикалық форма мен сырт келбетке қатысты талаптар енгізілмейтін болды, деп хабарлайды Politico.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сенатта өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов тілшілердің шенеуніктердің салмағына қатысты сұрағына жауап берді. Журналистер полиция немесе әскерилер сияқты қатардағы қызметкерлердің де физикалық дайындығын тексеретін арнайы стандарттар қабылдана ма деп сұраған болатын.

Агенттік басшысының орынбасары бұл сауалға нақты жауап бермей, қазіргі заңнамада үміткерлердің тек денсаулығына қатысты қатаң талаптар бар екенін айтты. Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен арнайы тізімге сай наркологиялық немесе психиатриялық есепте тұрған және есірткі тұтынатын адамдар мемлекеттік қызметке мүлдем қабылданбайды. Сонымен қатар лудомания дертіне шалдыққандарға да қатаң шектеу қойылған.

«Құмар ойындарға бейімділігі бар немесе сондай дертке шалдыққандар, яғни лудомандар бар. Олар үшін бүгінде тыйым салынған», – деді Салауат Мүксімов.

Оның айтуынша жұмысқа тұру кезінде үміткер ойын мекемелеріне барудан бас тарту туралы міндеттемеге қол қояды. Ал шенеуніктердің сырт келбеті мен салмағына келсек, ведомство өкілі барлық қызметкерге ортақ бірыңғай талап енгізу жоспарда жоқ екенін жеткізді. Мұндай шектеулер тек олардың тікелей лауазымдық міндеттеріне қарай ғана бекітілуі мүмкін екені белгілі болды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий