Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамауға алынды

Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамауға алынды
11.12.2024 09:34
0
32
видеодан алынған кадр

Қаржаубай Нұрымов “Бұзақылық” бабы бойынша сотталып, 15 тәулік әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Белгілі болғандай, кеше Талғарда болған жиыннан соң Қаржаубай Нұрымовты полиция ұстап алып кеткен еді.

Талғар ауданындағы Шерзат Полаттың резонанстық өліміне қатысты ақпаратты жариялау үшін отбасы мүшелері мен қоғам белсенділері, адвокаттары құрған justice_for_sherzat парақшасында Қаржаубай Нұрымов, оның әпкесі мен қарындасына қатыстына қатысты әкімшілік соттың шешімі жарияланды. 

Қаржаубай Нұрымовтың әпкесі Бақыт Реймова“Митингке шақыру” бабы бойынша 15 тәулік қамауға алу және елден депортациялау жазасына кесілді. Себебі ол Қазақстан азаматтығын алмаған делінген ақпаратта.

Туған қарындасы Салтанат “Бұзақылық” бабы бойынша 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл төлейді.

Отбасының адвокаттары апелляциялық шағым түсіретіндерін мәлімдеді. Сондай-ақ жездесі де әкімшілік сотқа бүгін тартылады делінген мәліметте. Алайда желіде жарияланған ақпаратқа қатысты ресми органдар әлі пікір білдірген жоқ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или