Щучинскідегі әскери колледжде кадеттер ауру жұқтырды

27.01.2026 17:50 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Щучинскідегі әскери колледжде кадеттер ауру жұқтырды
182
Фото: askeri_kolledzh/Instagram

Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжінде қызылша ауруы тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Осыған байланысты колледжде карантин енгізілді.

Оқу орны әкімшілігінің мәліметінше, каникулдан оралған бірнеше кадеттен жұқпалы аурудың белгілері анықталған. Олар инфекцияны сырттан әкелген деп болжанып отыр

«Бүгінгі таңда 66 кадет бейінді медициналық ұйымның бақылауында. Екі жағдайда ауру асқынумен өтуде, науқастар мамандандырылған медициналық көмек алуда, олардың жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады. Колледжде байланыста болған тұлғалар анықталып, оқшауланды. Барлық пациентке қажетті медициналық көмек көрсетілуде, олардың денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланады, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында оқу орнында карантин жарияланды. Сондай-ақ колледжде санитарлық шаралар күшейтілді, сондай-ақ инфекцияның әрі қарай таралуына жол бермеу үшін жеке құрамның денсаулығы күнделікті бақылауға алынған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий