Шығыс Қазақстанда дәрігерлер науқастың өкпесін инемен тесіп алған

22.12.2025 10:06 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Шығыс Қазақстанда дәрігерлер науқастың өкпесін инемен тесіп алған
0
196
Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысындағы шипажайлардың бірінде ем қабылдаған әйелдің өкпесі тесіліп, ол өлім аузынан қалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы зардап шегушінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Зардап шеккен әйелдің қызы Наталья Бугрованың айтуынша, ине салған сәтте-ақ науқас өзін жайсыз сезініп, ауырсыну байқалғанын айтқан. Алайда дәрігер бұған ешқандай реакция білдірмеген.

Науқасқа ине салынғаннан кейін ол 20 минут бойы ауырсынып жатқан. Дәрігер болса басқа пациенттерге барып-келіп жүре берген.

Келесі күні әйелдің жағдайы нашарлап, жедел жәрдем шақырылған. Қызының сөзінше, дәрігер науқастан инемен емдеу процедурасы туралы ешкімге айтпауды өтініп, жедел жәрдем келгенде де қасынан шықпай, қысым көрсеткен.

Кейіннен әйелді Өскемен қаласына жеткізіп, рентгенге түсіргенде дәрігерлер таңғалған. Оған пневмоторакс деген диагноз қойылды.

«Шын мәнінде, өкпе тесілген. Тағы сәл кешіккенде, бәрі кеш болар еді. Тек Өскеменде біздің қасымызда болғанда ғана анам шындықты айта алды. Оған наркозсыз пункция жасалып, плевральды аймақтан 1,5 литр ауа шығарылды», — дейді Наталья Бугрова.

Зардап шегуші тарап бұл оқиғаны басқа адамдарды сақтандыру үшін жариялап отыр. 

Операциядан кейін науқас дәрігердің үстінен полицияға арыз түсірген.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий