Шығыста жол басшысы қызметтен қуылды

08.12.2025 12:32 Арман Ермеков
Шығыста жол басшысы қызметтен қуылды
0
257
Фото: gov.kz. Суретте: Данияр Асқарұлы

Шығыс Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында басшы ауысатын болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін ведомство тізгінін ұстаған Данияр Уахитов қызметімен қош айтысты. Ресми мәліметке сүйенсек, мұндай кадрлық шешім мемлекеттік аппараттағы жемқорлық тәуекелдерін азайту шаралары аясында қабылданған.

Облыс әкімдігіндегілердің айтуынша, қазіргі басты мақсат тәртіпті күшейтіп, инфрақұрылымдық жобалардың сапасын қатаң бақылауға алу. Тексерістің басталуына облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың арнайы хаттамалық тапсырмасы себеп болған. Құқық қорғау органдары араласқан кешенді тексеру барысында Уахитовтың тарапынан заңсыз әрекеттер байқалған көрінеді.

«Материалдардың барлығы қазір құзырлы органдардың қарауында жатыр. Қандай да бір құқықтық бағаны тек солар ғана бере алады», — деп қысқа қайырды әкімдік өкілдері.

Айта кетерлігі, шенеуніктердің жұмысына деген талаптың күшеюіне жақында болған төтенше жағдай түрткі болған сыңайлы. Еске салсақ, қыркүйек айының басында тіреулерін су шайып кеткен Шнайдеров көпірі опырылып түскен еді. Оқиғадан соң Қылмыстық кодекстің «Сапасыз құрылыс» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий