Шымкентте лифт ішінде бес жігіт бір адамды аяусыз соққыға жықты

Шымкентте лифт ішінде бес жігіт бір адамды аяусыз соққыға жықты
freepik.com
Лифт ішінде ер адамды жабылып ұрғандар полицияға жеткізілді.

Шымкентте бірнеше адам лифт ішінде бір азаматты аяусыз соққыға жыққан видео тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Кадрларда бес адамның лифтке кіріп, ішіндегі ер адамға жабыла тиіскені көрінеді. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Оқиғаға қатысы бар барлық күдіктілер анықталып, полиция басқармасына жеткізілді", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленушінің жағдайы туралы қосымша ақпарат әзірге берілмеді.

Полиция халықты арандатушылық әрекеттерден сақ болуға және зорлық-зомбылық әрекеттерін заң аясында қарастыруға шақырады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып, қосымша мәліметтер кейінірек хабарланатын болады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу