Шымкентте тергеудегі ХҚКО-ның бұрынғы басшысы қайтыс болды

Шымкентте жүргізуші куәліктерін заңсыз беру ісімен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрды деген күдікке ілінген ХҚКО-ның бұрынғы басшысы Жомарт Мурашимов қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Агенттіктің хабарлауынша, Жомарт Мурашимов 18 тамыз күні жұбайымен қысқа мерзімді кездесуде өзін жайсыз сезінген. ҚАЖ департаментіне қарасты № 69 мекеменің медицина қызметкерлері оған алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Нәтижесінде айыпталушыны Шымкент қалалық № 1 ауруханасына жеткізіп, "ми қан айналымының бұзылуы" диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызған. Алайда 19 тамыз күні сағат 10:45-те Мурашимов қайтыс болды.
Қорғаушы тараптың бұл қазаға қатысты қояр сұрағы көп. Мурашимовтың адвокаты Талғат Есімов сотталушы ауруханаға кома жағлайында жеткізілгенін айтып, оның өлімі денсаулығының нашарлағанын дәлелдейтін медициналық құжаттардың ескерілмеуінен болғанын мәлімдеді.
"Біз бірнеше мәрте сотқа оның денсаулығына байланысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішхат бергенбіз. Медициналық құжаттар ұсынылды. Алайда сот біздің дәлелдерімізді қабылдамай, изолятордың медициналық санитариялық бөлім басшысының "денсаулығы бақылауда" деген мәліметіне сүйенді. Соның салдарынан осындай қайғылы жағдай болды. Енді осы өлімге кім жауап береді", — деп Facebook парақшасында жазды адвокат.
Соңғы жаңалықтар





