Шымкентте жоғары сынып оқушысы бесінші сынып оқушысына шабуыл жасады (ВИДЕО)
Шымкент қаласында мектеп оқушылары арасындағы жанжал төбелеске ұласып, оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода жолдан өтіп келе жатқан оқушыға қарсы беттен бір жасөспірім шығып, оны құлатып, соққыға жыққаны көрінеді.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында оқиғаға дейін кәмелетке толмағандар арасында ауызша жанжал болғаны анықталған. Кейінірек 10-сынып оқушысы қарсыласын көшеде кездестіріп, күш қолданған.
Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасы балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі таңда оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...