Сирек ауруға шалдыққан көкшетаулық бүлдіршін отандастарымыздың көмегіне мұқтаж

09.07.2026 11:59 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Сирек ауруға шалдыққан көкшетаулық бүлдіршін отандастарымыздың көмегіне мұқтаж
156
Фото: Бейнеден алынған скрин

Көкшетауда сирек кездесетін ауыр дертке шалдыққан 5 жасар баланың ата-анасы Дубайдағы емге 1,5 млрд теңге жинап жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы мәлім етті, деп хабарлайды Politico.kz.

Мұғалім болып жұмыс істейтін ерлі-зайыптының кенже ұлы Исламға "Дюшеннің үдемелі бұлшықет дистрофиясы" деген диагноз қойылған. Бұл ауру көбіне ер балаларда кездеседі. Дерттің салдарынан баланың денесін май басып, 10 жасқа қарай жүруден қалады. Отбасы бұл жағдайды баланың тісін емдету үшін қан тапсырған кезде кездейсоқ білген. Қазірдің өзінде Исламның басын өздігінен көтеруі қиындап, баспалдақпен жүргенде тез шаршап қалатын болған.

"Ислам мектепке барса деп армандаймын. Бізге көмек қажет, 1,5 млрд теңге қажет. Бір ғана дәрі бар, бір ғана егу. «Элевидис» деген препарат.  Дубайда клиникада беріледі. Тек қана осы екпе бізге көмектесе алады", – дейді анасы Гүлсім Әубәкірова.

Бүгінге дейін қажетті соманың 20 млн теңгесі ғана жиналған. Елімізде осыған дейін дәл осындай сырқатқа шалдыққан екі балаға демеуші табылып, олар уақытылы ем алған. Ата-анасы да отандастарымыздан осындай жанашырлық күтеді.

"Бұл — балалар 10 жасқа қарай жүруден қалып, 20 жасқа қарай қайтыс болатын сирек кездесетін генетикалық ауру. Осыған байланысты біз қаражат жинауды бастадық. Қажет соманы тезірек жинағымыз келеді. Отбасымыз үшін бұл көтере алмайтын өте үлкен сома — 1,5 миллиард теңге. Өтінеміз, шамаларыңыз келгенше көмек берсеңіздер..., – деді Исламның әкесі Марат Әубәкіров.

Отбасыға қол ұшын созғысы келетіндер үшін Kaspi Bank және Халық банктерінің нөмірі: 87789395335, алушы баланың әкесі Марат Әубәкіров (Марат А).

Войдите, чтобы оставить комментарий