"Солардың ерте кеткеніне, мен кінәлімін" - Асанәлі Әшімов ұлдары труалы

25.12.2025 16:51 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
311
Фото: ашық дереккөз

Қазақ өнерінің аңыз тұлғасы Асанәлі Әшімов күнделігіндегі жазбаларының бірінде өміріндегі ең ауыр қасіреттердің бірі – марқұм ұлы Сағи туралы терең толғанады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл жолдардан әкенің өкініші, уақыттың қадірін кеш түсінген махаббаты мен тағдыр алдындағы шарасыздығы анық сезіледі. Өнер иесі балаларының тәрбиесіне көңілі толатынын айта отырып, әкелік мейірімді дер кезінде көрсете алмағанына қатты өкінетінін жасырмайды.

Оның айтуынша, балаларына деген сезім суықтықтан емес, тығыз жұмыс пен уақыт тапшылығынан сыртқа шықпаған. «Балаларым үнемі қасымда жүре береді» деген оймен, олардың балалық шағындағы маңызды сәттерге – ата-аналар жиналысына, алғашқы және соңғы қоңырау салтанаттарына қатыспағанын ол өмір бойы жүрегіне жүк еткен.

"Менің балаларымның тәрбиесі жақсы болды. Екеуінің де. Бірақ мен қазір балаларымның бетінен бір сүйе алмай қалғаныма қатты өкінемін. Екеуін бір еміреніп құшақтамаған екенмін. Бұны енді менің қаталдығыма жатқызуға болмайды. Мен оны уақытымның аз болғанынан, тығыз болғанынан көремін. "Балаларым ешқайда кетпейді, өмір бойы қасымда жүре береді" деген ойда жүре беріппін. Мектеп қабырғасында жүргенде бірде-бір рет ата-аналар жиналысына, не болмаса, алғашқы қоңырау, соңғы қоңырау дегендеріне бармаппын. Уақытымды соларға арнамадым. Үлкенім үлкен кісілерге тиесілі болды. Әсіресе соған еш көңіл бөлмеппін. Бірақ іштей жанымдай жақсы көрдім. Олар да мені жанындай жақсы көрді. Бірде Сағи: "Осыдан сізді біреу ренжітіп, жаманшылық істесін, солардың қолында өлемін" дегені бар-ды. Мені "аға" дейтін. Ол сәл қызба-тұғын. Бұның өзі балалық қамқорлығы шығар деп ойлаймын. Міне, осындай қарым-қатынастар болды.
Мен қайдан білейін, олардың бірінің артынан бірінің кетіп қалатынын. Мен кейде ойлаймын: асып-тасып, есіріп бара жатсаң өмірдің өзі бірден қалпыңа түсіреді, орныңа әкеле қояды. Өмір, тағдыр. Менің де жастықпен, білместікпен артық кетіп қалған жағдайларым болды. Кей сәтте тағы ойланамын, солардың ерте кеткеніне менің кінәм бар шығар деп. Өйткені өмір дегеннің тепе-тендік заңдылығы бар ғой…", – деп жазған ол.

Бұл жазба – бір әкенің жүрек түкпіріндегі мұңы ғана емес, уақыттың қадірін кеш түсінетін барша ата-анаға ой салатын, терең мағыналы өмірлік толғаныс.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий