Солтүстік Корея Ресейге әскер жіберіп, Украинамен соғысқа қатысқанын мойындады

Солтүстік Корея Ресейге әскер жіберіп, Украинамен соғысқа қатысқанын мойындады
28.04.2025 09:54
0
545
КХДР Украинадағы соғысқа әскер жібергенін растады

Солтүстік Корея Украинадағы соғысқа әскер жібергенін растады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, КХДР алғаш рет өз әскери қызметшілерін Украинамен соғысқа қатысу үшін Ресейге жібергенін мәлімдеді. Бұл ақпарат Кореяның Орталық телеграф агенттігіне (KCNA) сілтеме жасап жарияланды.

KCNA деректеріне сәйкес, әскер жіберу Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның бұйрығымен екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы келісім аясында жүзеге асырылған.

«Украин билігінің Ресей Федерациясына жасаған авантюралық басқыншылығын тойтару үшін Курск облысын азат ету операциялары жеңіспен аяқталды», – делінген KCNA хабарламасында.

Сонымен қатар, КХДР Қарулы күштері бөлімшелері бұл әрекеттерге мемлекет басшысы Ким Чен Ынның тікелей бұйрығымен қатысқаны атап өтілді.

Сенбі күні Ресей Бас штабының бастығы Валерий Герасимов Владимир Путинге Курск облысындағы жағдай туралы баяндап, «солтүстіккореялық әскери қызметшілер аймақты азат ету барысында елеулі көмек көрсетті» деп мәлімдеді.

Герасимовтың бұл мәлімдемесі КХДР әскерінің Ресейге жіберілгенін алғаш ресми растау болды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий