Соңы жақсылыққа апармайды: Ләйлә Сұлтанқызы мәлімдеме жасады

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы артық салмақ мәселесіне қатысты өз көзқарасын білдіріп, уайым мен қайғының адам денсаулығына, әсіресе психологиялық және физикалық жағдайына кері әсер ететінін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
ALASH.KZ порталының хабарлауынша, ол артық салмақпен күресіп жүрген әйелдерге арналған марафон аясында Zoom арқылы қатысушылармен кездесу өткізген. Журналисттің айтуынша, кездесуге қатысушылардың бірі алғыс білдірсе, екіншілері сұрақтар қойып, кейбіреулері өз тәжірибесін бөліссе, тағы бір тобы тыңдаушы ретінде қатысқан. Ләйлә Сұлтанқызы қатысушылардың барлығының ашықтығы мен өмірге деген позитивті көзқарасына риза болғанын жеткізді.
Оның пікірінше, артық салмақ көбінесе адамның ішкі күйзелісінен, уайымы мен шешілмеген мәселелерінен туындайды. Көп жағдайда адамдар эмоциялық ауыртпалықты тамақ арқылы жеңуге тырысады, бұл әдет ақыр соңында жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан журналист өзіңді жайлы әрі жеңіл сезінудің маңыздылығын атап өтіп, бастысы — денсаулыққа зиян келтірмейтін, өзіңді жақсы сезінуге мүмкіндік беретін салмаққа ұмтылу керектігін жеткізді.
Соңғы жаңалықтар





