"Соры болды": Дана Нұржігіттің продюсер Баян Мақсатқызы туралы пікірі жұртқа жақпай қалды

Танымал журналист Дана Нұржігіт продюсер Баян Мақсатқызының Queen Show бағдарламасынан алған әсерімен бөлісті. Ол продюсердің шығармашылығы мен өмір жолына жоғары баға беріп, оның қайсарлығы мен табандылығын ерекше атап өтті
Дана Нұржігіттің айтуынша, Queen Show – қазақ шоу-бизнесіндегі ерекше құбылыс, ал Баян Мақсатқызы бұл жоба арқылы әйелдердің рухын көтеріп, жаңа деңгейге шығаруға үлес қосып келеді. Журналист продюсердің табандылығы мен ерік-жігерін үлгі етіп, оның әрқашан жаңа белестерді бағындыруға ұмтылатынын айтты.
“Ол бақытты екенін де, бақытсыз екенін де ашық айтады. Жағдайға мойынсұнып, тыныш өмір сүруге де болар еді. Бірақ Баян – күрескер! Ол өзінің жолын, өз үнін, өз қағидасын таңдайды. Кешегідей шоу Қазақстанның бір де бір актрисасына арнайы қойылмаған! Күйеуі Тұрсынның арқасы. Алдымен “Баянның соры болды”деп жолыққан адам, бағы болып сүйіктісінің арманын орындады. Мюзикл жанр ретінде бізде туып, бізде дамымаған өнер. Ондай әмбебап актерлар, режиссер, дыбыс, жарық режиссерларын табу, труппа жинау қиынның қиыны. Оны мүмкін қылған Баянның арманы, Тұрсынның қаржысы.Түптеп келгенде екеуінің махаббаты. Балаларды да, спектакльді де дүниеге әкелген екеуінің шын сезімі. Олар өздеріне ұрын келген, кешіккен алапат сезімнен қашып құтыла алмайтынын біліп, сол үшін қан, қарғыс көрсе де тағдырдан бірге болуды күресіп барып, қалауын жұлып алған адамдар. Ғашықтар сондай – эгоистер! Иә! Өйтпесе бірге болу жоқ! Бірақ екінші өмір де жоқ қой! " – деп жазды тележүргізуші.
Желі қолданушыларының пікірі екі ге жарылды. Біреулері жазбаны қолдап жатса, басқалары Баянның тәрбиеге кері әсер етіп жатқанын жазды.
Соңғы жаңалықтар





