Сот Бишімбаевтың інісінің жазасын қысқартты

Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов жазасын мерзімінен бұрын өтейді, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Степногорск қалалық соты экс-министр Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжановтың жазасын қысқартуға шешім шығарды. Ол бұл өтінішті амнистияға байланысты жолдаған.
Сот отырысы жабық өтті, БАҚ қатыстырылмаған. Бастапқыда Байжановтың жазасы 2027 жылдың 18 шілдесінде аяқталуы тиіс болатын. Алайда сот оның жазасын үштен бір бөлікке қысқартты шамамен сегіз ай мен сегіз күнге. Енді ол 2026 жылдың қарашасында бостандыққа шығуы мүмкін.
Сот бұл шешімді қабылдауда колония ұсынған мінездемеге сүйенген. Құжатқа сәйкес, Байжанов түзеу мекемесінде тәртіп бұзбаған, екі рет ынталандыру алған және сот үкімімен жүктелген барлық қаржылық міндеттемелерін орындаған.
Прокурор да бұл мәліметтерді негізге ала отырып, өтінішті қолдаған.
Айта кетейік, 9 шілдеде Бақытжан Байжанов рақымшылық сұрап, өтініш берген еді.
Соңғы жаңалықтар





