Су министрлігі: Биыл да Қырғызстаннан келетін судан тапшылық туындауы мүмкін
620
Су министрлігі: Биыл да Қырғызстаннан келетін судан тапшылық туындауы мүмкін
Вице-министр жаз кезінде Алматы, Жетісу, Жамбыл облыстарында айтарлықтай су тапшылығы болмауы керек деп отыр. Ал Түркістан және Қызылорда облыстарында көрші елдердегі қуаңшылық салдарынан мәселе туындауы мүмкін.«Суармалы егіншілікке арналған барлық су алудың 11,1 текше шақырымы Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарына тиесілі. Суару алаңы – 1 млн 250 мың гектар. Бұл суаруға арналған барлық су алудың 97 пайызына тең. Ел бойынша айтсақ, барлық суармалы алқаптың 78 пайызы осы бес облыста. Егін суаруға кететін судың негізгі шығыны да осы өңірлерге тән», - деді ол Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің отырысында.
«Қырғызстанның Тоқтағұл қоймасындағы су көлемі былтырғыдан 300 млн текше метр аз. Ал Әндіжанда су көлемі былтырғыдан сәл жоғары. Ал Шыршық бассейніндегі су көлемі былтырғыдан 100 млн текше метрге аз. Судың келу көлемі аз болуы да содан. Биыл осы судың аз болуына байланысты проблемалар болу мүмкін. Осыған байланысты әкімдіктерге Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы «Достық» каналының ілінген алаңдарында күріш егуді алып тастау, Қызылорда облысында күріш егісін қысқарту ұсынылады», - деді Арсен Жақанбаев.
Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
22:36
Болливуд фильміндегідей: Жақын құрбылар туған а...
15.09.2026
22:22
Алматыда прокурордың қатысуымен болған шулы оқи...
15.09.2026
21:47
Азамат Омаров кінәсін мойындап, тергеумен мәміл...
15.09.2026
21:09
Профессор: Алматыда 2,5 млн жалақы алатын ғалым...
15.09.2026
20:49
"Не Найман, не Жалайыр емессің". Мақсат Халық ө...
15.09.2026
20:36
Дастан Сатпаев жарақатына байланысты Қазақстан ...