Су тасқынынан малдың қырылуы ет бағасына әсер ете ме
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі су тасқыны кезінде қырылған малға қатысты түсінік берді.
Бұл тұрғыда министрлік еліміз бойынша жалпы мал басына шаққанда су тасқыны кезінде өлген малдың үлесін нақтылады. Мәселен, жалпы көлемге қарағанда, қырылған ұсақ малдың үлесі – 0,02%, ірі қара – 0,03%, жылқы – 0,06%, түйе бойынша 0,00001 пайызды құрады.
Ведомство ақпаратында өңірлерде су тасқынынан болған шығынның үлесі жоғары болуы мүмкін екені атап өтілген. Елдің көлік әрі сауда логистикасы тұрақты жұмыс істеп тұрғандықтан, мал шаруашылығы өнімдері мен өңделген тауарларды бір өңірден екіншісіне емін-еркін тасымалдауға кедергі жоқ.«2024 жылғы 16 мамырдағы жағдай бойынша өлген мал мен құстардың саны 10 258 басты құрады. Оның ішінде ұсақ мал – 5279 бас, ірі қара – 2581, жылқы – 1140, түйе – 4, сондай-ақ 1024 бас құс бар (Абай облысы – 129, Ақтөбе облысы – 3232, БҚО – 2457, Ұлытау облысы – 237, Қостанай облысы – 2467, Ақмола облысы – 510, Атырау облысы – 1110, Қарағанды облысы – 89, Солтүстік Қазақстан облысы – 27)», - делінген.
«Сондықтан барлық өңірлердегі сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі дереу теңестіріледі. Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, су тасқынынан малдың қырылуына байланысты дүкен сөрелерінде еттің айтарлықтай тапшылығы мен бағасының өсуі болмайды деп санаймыз. Бұл ретте, инфляция шегінде ет бағасының өсуін жоққа шығаруға болмайды», - деп аталып өткен министрлік мәліметінде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
05.11.2026
22:21
Ақтауда тұрғындар жылусыз қалды: Ашынған жұрт ж...
05.11.2026
21:33
Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жұ...
05.11.2026
20:31
«Кезексіз кіргізіп беремін»: Баласын балабақшағ...
05.11.2026
19:48
ҰҚК «Еңбек» кәсіпорнының басшыларын ұстады – БАҚ
05.11.2026
19:42
Тоқаев Иордания королін ерекше марапатпен қарсы...
05.11.2026
19:16
Ақын Ербол Бықыбаев ұсталды - заңгер