«Сұмдық қылмыс болған»: Арман Дүйсенов пен Индира Елеместің бұрынғы күйеуін не байланыстырады?

14.11.2025 17:48 Мөлдір Талғат
«Сұмдық қылмыс болған»: Арман Дүйсенов пен Индира Елеместің бұрынғы күйеуін не байланыстырады?
0
734
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде Арман Дүйсеновтің жары Айсулу Аманның Тасығанға берген сұхбатындағы мәлімдемесі қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Сұхбат барысында ол күйеуін Калелхан Иманмади есімді азамат 66 миллион теңгеге алдап кеткенін айтқан.

Айсулудың сөзінше, 2018 жылы оның қызы Англияға оқуға баруы қажет болған. Сол кезде Калелхан Иманмади олармен жақын араласып, қызды өзінің компаниясы арқылы жіберуді ұсынған.

"2018 жылы қызым Англияға кетуі керек болды. Калелхан деген кісі «менің компаниям арқылы жіберіңдер» деді. Біз Арман екеуміз фунтпен ақшасын апарып бердік. Отбасымызбен жиі араласатынбыз. Ақшаны қайтармай жүрген кезінде Арманның алданғанын түсіндім. Оның зауытына кіру де, телефон арқылы хабарласу да қиын болатын," — дейді Айсулу Аман.

Айтуынша, Иманмади Арман Дүйсеновтің отбасына 66 миллион теңге қайтаруы тиіс болған.

БАҚ мәліметінше, Калелхан Иманмади — Индира Елеместің бұрынғы күйеуі әрі Қажымхан Масимов (Карим Масимовтің әкесі) бизнес серіктестерінің бірі болған. Ол осы жылы алты жылға бас бостандығынан айырылған.

Пікір қалдырушылар жағдайды Индира Елемеспен байланыстырып, әлеуметтік желіде:

"Индира Елеместің күйеуі ғой Калелхан",
"Сұмдық қылмыс болған ғой,"

— деген пікірлер қалдыруда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий