Сүйінші: Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде жеңіске жетті

08.12.2024 12:47 Берік Арманов
Сүйінші: Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде жеңіске жетті
0
348
ашық дереккөз

Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов (18-0) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 310 турнирінде кезекті жекпе-жегін сәтті аяқтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Шавкаттың қарсыласы жеңіліссіз келе жатқан ирландиялық Иэн Гэрри (15-0) болды. Жартылай орта салмақта өткен бұл жекпе-жек титулдық болмаса да, бес раундқа жоспарланған еді. Нәтижесінде, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс Рахмоновқа берілді.

Осылайша, Шавкат Рахмонов кәсіби мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді, ал Иэн Гэрри өзінің алғашқы жеңілісін тіркеді. Бұл Шавкаттың төрешілер шешімімен аяқталған алғашқы кездесуі екенін атап өту керек — бұған дейінгі барлық қарсыласын ол мерзімінен бұрын жеңген.

Келесі жекпе-жекте Шавкат UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадпен (24-3) кездесуі мүмкін деп болжануда. Бастапқыда олардың кездесуі осы турнирде өтуі тиіс болған, алайда америкалық спортшы денсаулығына байланысты қатыса алмады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий