Таиландта 65 жастағы әйел кремация алдында тіріліп кетті (ВИДЕО)

Таиландта 65 жастағы әйел кремация алдында тіріліп кетті (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Пхитсанулок тұрғынын туыстары екі жыл бойы төсек тартып жатқандықтан қайтыс болды деп ойлап, Бангкок маңындағы монастырьға алып барған. Жолда ғибадатхана қызметкері табыттың ішінен шыққан дыбыс пен айқайды естіген, деп хабарлайды Politico.kz.

Белгілі болғандай, әйелдің қанындағы қант деңгейі күрт төмендеп, оны қателесіп қайтыс болды деп санаған. Қазір әйел дәрігерлердің бақылауында.
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу