Таиландта қазақстандық туристер мінген катер апатқа ұшырады: бірнеше адам зардап шекті (ВИДЕО)

13.01.2026 • 09:11 Әсел МҰРАТ
Таиландта қазақстандық туристер мінген катер апатқа ұшырады: бірнеше адам зардап шекті (ВИДЕО)
1116
Фото thethaiger.com

Таиландтың Пхукет аралы маңында туристік катер мен балықшылар кемесі соқтығысып, салдарынан катер суға батқан, деп хабарлайды Politico.kz.

Апаттан Ресейдің бір азаматы қаза тапқан. Оқиға кезінде катер бортында 55 адам болған. Олардың ішінде Қазақстанның 8 азаматы бар. Апат салдарынан бірнеше турист түрлі деңгейдегі жарақат алған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, зардап шеккен отандастарымыздың барлығына медициналық көмек көрсетілген.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның 3 азаматы ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, барлық шығынды сақтандыру компаниясы өтейді. Консул азаматтармен тұрақты байланыста. Оларға қажетті қолдау көрсетіп жатыр», – деп хабарлады СІМ.

Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. 
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий