Талдықорғанда газ сыртқа атқылады

Талдықорғанда газ сыртқа атқылап жатыр
Әлеуметтік желіде Талдықорған қаласында газдың сыртқа шығып жатқан сәті түсірілген видео тарап, жұртшылықтың алаңдаушылығын туғызды. Қала тұрғындарының айтуынша, оқиға 5-шағынауданда, Желтоқсан мен Астана көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлер бірден "104" нөміріне хабарласып, тиісті қызметтерді оқиға орнына шақырған.
Талдықорған қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Ведомствоның хабарлауынша, газ жер астындағы жоғары қысымды газ құбырының тарату желісінен сыртқа шыққан.
— Өрт тіркелген жоқ. Газдың таралуы дер кезінде тоқтатылды. Қазір жағдай толық бақылауға алынды, — делінген ресми ақпаратта.
Қазіргі уақытта апаттық газ қызметі оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қолға алынған. Тұрғындардан сабыр сақтап, ресми органдардың нұсқауларына құлақ асу сұралды.
Соңғы жаңалықтар





