Талдықорғанда Шерзаттың сот отырысы кезінде жер сілкінді

Талдықорғанда сот отырысы кезінде жер сілкінісі болды: Шерзат Полат ісінде үзіліс жарияланды
Бүгін Талдықорған қаласында Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысы барысында, сот-медициналық сарапшы Тахир Хамлиназаровтың сөйлеп тұрған кезінде жер сілкінісі тіркелді. Кенеттен болған табиғи апатқа байланысты сот отырысы тоқтатылып, үзіліс жарияланды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) «Ұлттық сейсмикалық бақылау және зерттеу орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 23 мамырда Астана уақытымен сағат 16:01-де жер сілкінісін ресми хабарлады. Жер сілкінісінің ошағы Талдықорған қаласынан 12 шақырым солтүстікке қарай, Қазақстан аумағында орналасқан. ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,6 баллды құрады. Дүмпудің сезілуі туралы мәліметтер нақтылануда.
Соңғы жаңалықтар





