Талғар ауданында ер адамды екі рет пышақтап кеткен күдікті ұсталды
245
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Ақтас ауылында ер адам жанжал кезінде пышақ жарақатынан қаза болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеді. Оқиғаға қатысты ақпарат алғашында әлеуметтік желілерде тараған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адамның арасында сөзге келіспеушілік туындап, арты жанжалға ұласқан.
Полицияның хабарлауынша, 56 жастағы күдікті жанжал барысында қарсыласына екі рет пышақ жарақатын салған. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
Құқық қорғау органдары жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр.
Полиция мәліметінше, күдікті өз кінәсін мойындап, жауап берген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.10.2026
17:22
Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне жауапты ұ...
11.10.2026
16:32
Әкімнің үйінде пеш түсіруге көмектескен оқушыны...
11.10.2026
15:30
Сауд Арабиясындағы әуежайға шабуыл жасалды: 12 ...
11.10.2026
14:32
Алматыда қоқыс жәшігінің жанынан мылтық табылды
11.10.2026
13:17
Алматыда әйелдің бөксесінен ұстап тиіскен шетел...
11.10.2026
12:21
Қайрат Нұртас концертіне қатысты қылмыстық іс қ...