Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Ернар жер қойнына тапсырылды

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Ернар жер қойнына тапсырылды
08.09.2025 16:37
0
248
Фото: Видеодан кадр

Талғарда өлтірілген 30 жастағы Ернар Тұрғанбеков жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Qaz365.kz сайтына сілтеп. 

Алматы облысының Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылында елді дүр сілкіндірген ауыр қылмыс болды. Қызды зорлап, интимдік суреттері мен видеоларын түсіріп, қорқытып-үркіткен ер адамды ауыл тұрғындары полицияға ұстап тапсырғанымен, Талғар аудандық полициясы күдіктіні қамауға алмай, босатып жіберген.

Арада бір күн өткен соң күдікті жанына екі-үш жігітті ертіп, қыздың үйіне қайта оралды. Жолай дүкенге бара жатқан 30 жастағы Ернарды көліктен түсіп, көптің көзінше жүрек тұсынан екі рет атып өлтірген. Кейін үйге кіріп, отбасы мүшелерін қорқытып, 3 жасар бүлдіршінді кепілге алған.

Ал бүгін кісі қолынан қаза тапқан 30 жастағы Ернарды жер қойнына тапсырды. Оның артында үш баласы мен аяғы ауыр әйелі қалды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий