Тамара Асар: Күйеуімнің ұлы қайтыс болғаннан кейін, күйзелістен жүре алмай қалдым

14.08.2026 20:43 Томирис САҒЫНДЫҚ
Тамара Асар: Күйеуімнің ұлы қайтыс болғаннан кейін, күйзелістен жүре алмай қалдым
89
Фото: видеодан скриншот

Қазақстанның халық әртісі, әнші Тамара Асар саясатқа келуінің себебін түсіндірді. Өнер иесінің айтуынша, бұған өз басындағы жағдай да себеп болған, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Тамара Асар «Хабар» арнасына берген сұқбатында айтты.  

«Адамның тұлға болып қалыптасуында, іргетасында оның тегі мен табиғаты ең басты рөл атқарады. Менің өскен ортам, жүрген жерімнің барлығы өте жақсы болды. Жақсы тәрбие, жақсы білім алдым. Саясаттан бұрын да алыс болған жоқпын, өйткені өнер мен мәдениет де саясаттан алыс емес. Сондай-ақ ең басты мәселе — былтырғы жылы біздің отбасымызға өте ауыр тиген жағдай болды. Жолдасымның тұңғышы қолымызда қайтыс болды. 23 жастағы жігіт еді. Соған өте қатты қиналдым. Күйзелістің салдарынан аутоиммундық ауруға шалдықтым. Осы ауруға шалдыққан кезде... Бұрын мен бұл жағдайды ешкімнен жасырған емеспін, бір аяғым протез ғой. Сол протезбен жүре алмай қалдым, жүріс-тұрысым өте қиындап кетті. Біз шетелге барып, басқа да жақтарда емделдік. Бірінші рет қаншама жылдар бойы есіме де келмеген жағдай болды: қызуқандылықпен, жастықпен, өнермен, марапатпен, белгілі бір мақсаттармен жүргенде мен бір нәрсені елемеппін. Өзіме де, өзгеге де жақсылық жасауды, күннен-күнге жасымның есейіп, үлкейіп бара жатқанын ұмытып кетіппін. Сонда көкейімде мынадай сұрақ пайда болды: «55-ке, 65-ке, 75-ке, тіпті 85-ке келгенде де сен бүтін болып, бала-шағаңның алдында отыру үшін, аяғыңа протезіңді киіп, орныңнан қозғалу үшін жас кезіңде не істедің? Сен сияқтыларға қандай жақсылық жасадың?» деген сұрақ мазалады», — деді Тамара Асар.

Ары қарай әнші статистикалық мәліметтерді жіпке тізіп, өзіне протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж адамдардың жазатынын айтты.

«Мен бұл жүйені өте жақсы білемін, себебі 30 жылдан бері жолдас болдым, бұл жүйені өте қатты түсінемін. Бұл жүйе Ортопедиялық-протездік жүйеге үлкен көмек керек екенін білемін. Ол жүйеге сапалы жұмыс қажет. Оған әркім өзінің Instagram немесе Facebook парақшасында отырып алып айтудың керегі жоқ, бұған жүйелі түрде, сауатты саяси тұрғыдан жақындау керек. Ол жерде қаражат та, моральдық және материалдық жағдайлар да бар. Статистикаға сүйенсек, Қазақстан бойынша 752 мың адам мүгедектігі бар топқа жатады. Соның 95 мыңы протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж. Солардың бірі — менмін. Мен тіпті жекеме жазып, хабарласқан адамдардың өзіне айтар жауап таба алмай жүрген едім. Бір жағынан бала қарап, екінші жағынан сахнаның әдемілігін әніммен, сәніммен сақтап жүргенде, осы мәселені ашық қалдырған екенмін. Өзімнің жылдан-жылға ұлғаятынымды есепке алмаған екенмін. Сондықтан мені саясатқа алып келген — осы сұрақ. Көкейдегі сұрақ алып келді. Одан кейін «мен саясатқа бірден барамын» деп ойлаған да жоқпын. Маған партиялардың ішінен бірінші болып Қазақстан Халық Партиясы хабарласты. Бағдарламаларын оқып, қарап шықтым. Ішінде инклюзияның үлкен тарауы бар екенін көрдім. Содан кейін бұл ұсынысты құптадым», — деді халық әртісі.

Войдите, чтобы оставить комментарий