Танымал актер бойжеткенді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

15.07.2026 10:35 Мөлдір ҚАЙНАР
Танымал актер бойжеткенді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
187
Фото: Pexels

Жапония астанасында танымал актер көлікпен бойжеткенді қағып, оқиға орнынан бой тасалады, деп хабарлайды Politico.kz.

Жол-көлік оқиғасына Косабуро Накамура деген лақап атпен танымал 77 жастағы Хирофуми Като себепкер болған. Ол Синдзюку ауданында көлік тізгіндеп бара жатып, 20 жастағы бойжеткенді қағып кеткен. Салдарынан зардап шеккен азаматшаның тобығы жарақаттанды. Бойжеткен жүргізушіні тоқтатпақ болғанымен, актер оған мән бермей, жолын жалғастыра берген. Алайда зардап шегуші көліктің нөмірін суретке түсіріп үлгеріп, бірден полицияға шағымданған.

Кейінірек Като полиция бөлімшесіне өз еркімен келгенімен, кінәсін мойындаудан бас тартты. Оның уәжінше, бойжеткеннің өзі көлікке жақындаған, ал соққы адам жарақаттанатындай қатты болмаған.Дегенмен актерге адам денсаулығына зақым келтіріп, оқиға орнынан кетіп қалды деген айып тағылды. Енді оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр және 1 млн иена көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Войдите, чтобы оставить комментарий