Танымал актер «Шаншардан» кеткенін мәлімдеді

Танымал актер Нұржан Құлшынбаев өзі 28 жыл қызмет еткен "Шаншар" театрынан кеткен, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
"Шаншар" театры арқылы халыққа танылған актер белгілі театрдан кетем деген ой болмағанын, сәті солай түскенін айтады.
Театр басшысы Уәлибек Әбдірайымов актердің бұл шешімін қолдап, батасын берген.
"Ағамызбен келісіп, ақылын тыңдап, батасын алдым. Бірге тумақ болса да, бірге жүрмек жоқ дейді ғой. Ағамыз өзіннің еншіңді берейін, тетарыңды ашасың ба, басқа салаға кетесің бе өзің біл, бірақ батамды берейін деді. Сол кісінің рұқсатымен, батасын алып шықтық. Арасында ақыл сұрап тұрамыз, кем-кетігімізді түзеп тұрады. Жалпы айтқанда тығыз байланыстамыз. Шаншардан кеткеніммен жүрегім сол жақта. Дегенмен өз тетарымызға қызмет етеміз", - дейді ол.
Қазіргі уақытта "Шаншар" театрынан еншісін алып шыққан актер "Нұржан Құлшынбаев театры" деп аталатын өзінің театрын ашықан. Айтуынша, театрда 8 әртіс жұмыс істейді. Олардың барлығы әзіл-сықақ және сатира театрларының әртістері.
Соңғы жаңалықтар





