Танымал әнші Дариға Бадықованың өтірігін шығарды

25.11.2025 16:35 Мөлдір Талғат
Танымал әнші Дариға Бадықованың өтірігін шығарды
0
510
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Калифарния мен Дариға Бадықова

Танымал актриса Дариға Бадықова «Таптым-ау» фильмінің саундтрегіне қатысты туындаған жағдайды түсіндіріп, жоба командасы әнші Калифарниямен байланысқан кезде орындаушы бір минутқа да жетпейтін трек үшін бір миллион теңге сұрағанын айтқан еді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Алайда әнші бұл ақпаратты жоққа шығарып, өзіне тікелей ешкім қоңырау шалмағанын жеткізді. Оның сөзінше:

«Маған ешкім қоңырау шалған жоқ. Хабарласса, менің директорыма хабарласты. Ол кісілер осы арқылы нан тауып отырған соң “әнді алсаңыз, алыңыз. Бірақ құны осындай” деп жұмыс ретінде қарады», – деді ол.

Әрі қарай Калифарния командасының әрдайым ресми түрде әрекет ететінін, ал баға белгілеу — олардың ішкі тәртібі екенін айтып өтті.

Сонымен бірге, ол бұл жағдай кімнің хабарласқанына да байланысты екенін жасырмай:

«Ал Жаһан Отарғалиев ағам болса, жеке хабарласып “маған трегің керек” деді. Мен “ала бер” деп тегін бере салдым», – деп мысал келтірді.

Әнші ойын жалғастырып:

«Сол сияқты Дариға ханымның өзі хабарласса, мүмкін беретін едім, бермей де қалуым мүмкін еді», – деді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий