Танымал әнші отбасына қатысты сұмдық жайтты жайып салды
1504
Эстрада әншісі Сәкен Қалымов бұрынғы әйелі мен баласынан кешірім сұрап, олардың алдынан өтпек болғанын ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әншінің сөзінше, ол өткен қателіктері үшін отбасына кінә артпайды және жауапкершілікті толық өз мойнына алады.
«Алдарынан өтейін деп, Астанаға іздеп келдім. Жарымды да, баламды да кінәлаудан аулақпын. Қателік – менен болды. Ол кезде жеңілтек өмір сүрдік, ортамыз солай болды. Серілік құрған кезең болды, бәріне атүсті қарадық. Әрине, мені құшақ жая қарсы алады деп барған жоқпын. Бірақ тіл табыса алмадым, мені қабылдамады. Бұйырған күні бәрі жақсы болады деп үміттенемін», – деді ол ағынан жарылып.
Әнші бұрынғы отбасы алдындағы қарызын өтеу және ара-қатынасты қалпына келтіру – өзіне үлкен сынақ екенін де жасырмады.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
20:26
"Ренжіп кеткенім жоқ". Қыран Талапбек неге Әзер...
07.10.2026
20:19
Джеки Чанмен кездескен вице-президентке жұрт не...
07.10.2026
20:00
Айдос Сарым желіде неге белсенді емес екенін айтты
07.10.2026
19:42
Тағы бір қызметкердің өлімі рас па? ДДСҰ Ресейд...
07.10.2026
19:35
Айдос Сарым: Қазір заң шығарушы биліктегілердің...
07.10.2026
19:13
“100 тоннадан астам газ жағылған”: Атырауда тұр...