Танымал «аяз ата» қыз зорлады

Танымал «аяз ата» қыз зорлады
31.12.2024 12:01
0
188
nemolchi.uz

Татарстанда «аяз ата» қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды.

Nemolchi.uz инстаграм парақшасындағы мәліметтерге сүйенсек, Татарстанда Бугульма қаласындағы БАҚ Владимир Шишканов туралы жиі жазады. Ол бұған дейін жаңа жыл мерекесі кезінде іс-шара ұйымдастырып, «аяз ата» қызметін атқарғаны үшін танымалдылыққа ие болған. Әр жылы ер адам арнайы киім киіп, балаларға тәтті ұсынып, олармен суретке түсетін.

Жергілікті басылымдар Владимир Шишканов туралы ерекше тақырыптармен жаңалықтар жазады. Мысалы 2020 жылы ол балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа жыл мерекесін ұйымдастырып, олардың көңілін көтерген.

Енді ел мақтаған «аяз ата» қыз зорлады деген күдікке ілінді. 

Владимир Шишкановқа кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Ең қызығы, оның бұрын да осы іс бойынша сотты болғаны анықталды. Сонымен қатар ер адам кәмелетке толмаған балалардың порнографиялық суреттерін дайындағаны белгілі болды. 

Тергеу мәліметтері бойынша, жаз мезгілінде ол танысының пәтерін жөндеуге барған. Үйде танысының 6 жастағы қызы жалғыз болған екен. Ол балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасаған және болған жағдайды ұялы телефонына түсіріп те алған. Қазір Шишканов қамауға алынды. 

Мәліметтерге сүйенсек, Шишканов ансамбль құрамында өнер көрсеткен. Қаланың патриоттық шараларына да қатысқан. Әрі оның парақшасында балалармен түскен әртүрлі суреттері бар.

Енді тергеу барысында ер адамның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Ақпарат  Orda.kz сайтынан алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или