Танымал халық әртісі өмірден өтті
Мәскеуде Ресейдің халық әртісі, театр және кино актрисасы Вера Алентова дүниеден өтті. Қаралы хабарды актриса ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Мәскеу Пушкин атындағы драма театры ресми түрде растады, деп хабарлайды Politico.kz.
Мәскеуде Ресейдің халық әртісі, театр және кино актрисасы Вера Алентова дүниеден өтті. Қаралы хабарды актриса ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Мәскеу Пушкин атындағы драма театры ресми түрде растады.
Театр ұжымы таратқан мәлімдемеде: «Ауыр қаза орын алды… Вера Валентиновна Алентова өмірден өтті. Қайғымыз шексіз», – делінген.
Вера Алентова 1942 жылы дүниеге келген. ВГИК-ті тәмамдағаннан кейін ол Пушкин атындағы драма театрына қабылданып, шамамен 60 жыл бойы осы сахнада еңбек етті. Осы уақыт аралығында ондаған бейнені сомдап, театр труппасының негізгі әрі беделді актрисаларының біріне айналды.
Актрисаға кең танымалдық әкелген рөл — режиссер Владимир Меньшовтың Москва слезам не верит фильміндегі Катерина Тихомирова бейнесі. Аталған кинотуынды «Оскар» сыйлығын жеңіп алып, кеңестік және әлемдік кино тарихындағы ең танымал фильмдердің біріне айналды.
Бұл рөл Вера Алентованың шығармашылық жолындағы шоқтығы биік жетістігі ретінде өнер тарихында мәңгі қалды.
Соңғы жаңалықтар