Танымал волейболшы Сабина Алтынбекова ғашық болып қалғанын айтты

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова жеке өміріндегі жаңалықтармен бөлісіп, жанкүйерлерін ерекше көңіл күйімен қуантты. Спортшы Instagram парақшасында емханада болған бір сәтті оқырмандарымен бөлісіп, өз-өзіне деген махаббаты туралы жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Бүгін емханада менен: “Сабина, көздерің жарқырап тұр! Сен ғашық болып қалған жоқсың ба?” – деп сұрады. Мен: “Өз өзіме ғашық болып жүрмін”, – деп жауап бердім», – деп жазды ол желідегі жазбасында.
Айта кетейік, Сабина Алтынбекова 2020 жылы кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шығып, 2021 жылы ұлды болған еді. Алайда наурыз айында спортшы ресми түрде ажырасқанын растады.
Бүгінде Сабина кәсіби мансабын жалғастырып, Индонезияның «Yogya Falcons» волейбол клубында өнер көрсетіп жүр. Желі қолданушылары оның өмірге деген оң көзқарасы мен шабыттандыратын жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, жаңа кезеңіне сәттілік тіледі.
Соңғы жаңалықтар





