Тегін заңгерлік көмекші іске қосылды

Тегін заңгерлік көмекші іске қосылды
02.07.2025 15:43
0
194
Коллаж POLITICO.KZ
Қазақстанда жасанды интеллектпен жұмыс істейтін заңгерлік көмекші іске қосылды

Қазақстанда жасанды интеллектпен жұмыс істейтін тегін заңгерлік көмекші іске қосылды

Қазақстанда LegalExpert.kz атты жаңа жобаны таныстырылды. Бұл - жасанды интеллект негізіндегі тегін заңгерлік көмекші. Енді әрбір азамат өз смартфонында жеке заңгер ұстағандай бола алады.

Бұл бастама Карағанды университетінің командасымен бірлесіп жүзеге асқан. Олар 100 мыңнан астам сот шешімдерін зерттеп, азаматтардың 70%-ы біртипті сұрақтармен жүгінетінін анықтаған. Яғни, көп жағдайда адамдар заңгерлерге кеңес алу үшін 50-ден 500 мың теңгеге дейін төлейді. Ал бұл сұрақтарға нақты әрі сапалы жауапты автоматты түрде алуға болады.

Қызмет қалай жұмыс істейді:

  • Сұрақтарға 2 минут ішінде жауап береді;
  • Қадам-қадаммен не істеу керек екенін түсіндіреді;
  • Нақты сот практикаларын талдайды;
  • Істі ұтып алу мүмкіндігін көрсетеді;
  • Қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

Сервис осыған ұқсас істерді талдап, азаматқа өз құқығын қалай қорғауға болатынын, қарсы тараптың уәждерін қалай жоққа шығаруға болатынын түсіндіреді.

Пилоттық режимде алдымен Қарағанды облысы үшін іске қосылды. Дегенмен, барлық қазақстандықтар legalexpert.kz сайты арқылы қызметті пайдалана алады. Тек электронды пошта жеткілікті.

Сервис үш түрлі деңгейде жауап ұсынады:

  • Базалық: қарапайым тілмен, терминсіз;
  • Орташа: сәл күрделірек, бірақ түсінікті;
  • Жоғары: заңнамалар мен сот шешімдеріне сілтеме жасалған кәсіби деңгейдегі жауаптар.

Маңызды: Бұл сервис күрделі істердегі заңгердің орнын баспайды. Алайда өз құқығыңызды білуге, қарапайым сұрақтарға жауап алуға және артық шығыннан қашуға жақсы көмекші болады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий